Ресеймен келіссөз жалғасуда

Ресейдегі өкілетті елші баспасөз брифингін өткізді.

Ресеймен келіссөз жалғасуда

Түркияның Ресейдегі өкілетті және төтенше елшісі Хүсейн Дириөз орыс әуе қорғаныс жүйесі S-400 батареяларының Түркияға жеткізілуі жөніндегі келіссөздің алға басуда екенін айтты.

Дириөз «Россия Сегодня» ақпарат агенттігінде өткізген брифингте Ресей мен Түркия арасындағы келіссөзге байланысты сұраққа: «Алға басу бар. Техникалық келіссөз болымды жылжып келеді. Байланыстар жалғасуда» деді.

Өкілетті елші екі ел сыртқы істер министрліктерінің визаға байланысты проблеманы бірнеге күннен кейін Мәскеуде қолға алатынын да атап көрсетті.

«Жақында ресми делегациялар, түрік іскерлер және жүк көліктері жүргізушілері үшін виза істерінің жеңілдетілуін қалаймыз» деді ол.

Елші айырықша екі елдің Түркиядан Ресейге қызанақ экспортталуына қайтадан рұқсат берілуіне байланысты келіссөздің де жүрып жатқанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар