Түрік құрлық күштері 2 мың 226 жаста

Құрлық күштері құрылуының 2 мың 226-шы жылдығын тойлауда.

760028
Түрік құрлық күштері 2 мың 226 жаста

Бас Штаб Басқармасы төрағасы армия генералы Хулуси Акар Түрік құрлық күштерінің Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілде күнгі опасыз төңкеріс әрекетінің артынан күресін отанға қызмет түсінігімен жалғасқанын білдірді.

Құрлық күштері қолбасшылығының құрылуының 2 мың 226-шы жылдығы тойлануда.

Бас Штаб Басқармасы төрағасы генерал Акар да Құрлық күштері қолбасшылығының құрылу жылдығына орай жариялаған құттықтауында «Құрлық күштері аймақ пен жаһандық бейбітшілік, тұрақтылық, тыныштық және сенімділіктің ең маңызды кепілдіктерінің бірі болуды жалғастырады» деді.

Бас Штаб Басқармасы генералы Акар Құрлық күштерінің Түрік Қарулы Күштерінің іргетасы екеніне назар аударып, қажымас қайратпен міндетін атқарып жатқанын атап көрсетті.

Генерал Акар құттықтауында «Мәңгі қолбасшымыз Мұстафа Кемал Ататүріктен бастап барлық отан қорғаған жолдастарын, қасиетті отан топырағы үшін жандарын аямаған шәйіттеріміз бен ардагерлерімізді Алланың рақымшылығы және құрметпен еске аламын» деді.



Ұқсас жаңалықтар