Ішкі істер министрі террормен күрес операцияларын бағалады

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу террормен күрестің үздіксіз жалғасатынын білдірді.

759893
Ішкі істер министрі террормен күрес операцияларын бағалады

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу террормен күрес операцияларының жалғасатынын, бөлшектеуші террор ұйымы мен қамқоршыларының шыдамы қалмағанын мәлімдеді.

Ораза айттың екінші күнінде мемлекеті Трабзонға сапарлай барған Сойлу жалғасып жатқан террор операциялары жайлы мәлімдеме жасады.

«Тарихтағы ең маңызды террормен күрес операциялары жүргізілуде, қалаларда және қалалардың маңындағы ауылдарда қоныстанған террор ұйымдарын шекарадан шығардық» деді.

Сүлейман Сойлу Түркияның демократиясын сынға алғандардың Сирияда PYD арқылы ПКК террор ұйымын жаңа замандас қарулармен қамтамасыз еткенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар