Македония Еуропаға үлгі болуда

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Македонияның  Еуропаға үлгі болғанын айтты.

Македония Еуропаға үлгі болуда

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Македонияның  Еуропаға үлгі болғанын айтты.

Македонияға ресми сапармен барған Мәвлүт Чавушоғлұ Түркияның Скопье елшілігі, Македония түрік сауда палатасы, Македония түрік азаматтық ұйымдары одағы және Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі тарапынан ұйымдастырылған ауызашарға қатысты.

Чавушоғлұ Македония Премьер-министрі Георге Иванов, Сыртқы істер министрі Никола Дмитиров, Македония үкімет лауазымдары, Македониядағы түрік саясатшылар, азаматтық ұйым өкілдері, кәсіпкерлер және журналисттер қатысқан ауызашарға қатысты.

Мәвлүт Чавушоғлұ ауызашардағы сөзінде түрлі этникалық және діни топтардың Македонияда тату-тәтті өмір сүргенін айтты.

Чавушоғлұ «Осы таңда Исламға қарсы дұшпандық, антисемитизм және нәсілшіл әрекеттер кең қанат жайған Еуропаға Македония үлгі болуда» деген сөздер қолданды.

Чавушоғлұ Түркияның Македонияға әр салада қолдау көрсететінін меңзеп, Македонияның тұрақтылығы мен тыныштығының Еуропа мен Балкан үшін маңызды екенін білдірді.

Македония Сыртқы істер министрі Никола Дмитиров та достармен ауызашарда бас қосқанына қатты риза болғанын атап өтті. 



Ұқсас жаңалықтар