Ердоған НАТО жиналысына қатысады

Түркия НАТО жиналысына президент Ердоған басшылығында делегациямен қатысады.

737734
Ердоған НАТО жиналысына қатысады

Президент Режеп Тайып Ердоған 25 мамырда Бельгияның бас қаласы Брюссельде болатын НАТО Мемлекет және үкімет басшылары жиналысына қатысады.

Президенттік аппараттың баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Түркия НАТО жиналысына президент Ердоған басшылығында делегациямен қатысады.

Жиналыста халықаралық қоғамның терроризммен күресінде НАТО-ның ролінің нығайтылуына байланысты көзқарас алмасылады.

НАТО-Ресей қатынастары, Ауғанстандағы жағдай,  НАТО-ЕО ынтымақтастығы да қолға алынады.

Президент Ердоған кейбір шетелдік басшылармен екі жақты кездесу өткізеді. Ердоған НАТО жиыналысынан бұрын ЕО Кеңесі төрағасы Дональд Туск және ЕО Комиссиясы төрағасы Жан-Клод Юнкермен де бас қосады.



Ұқсас жаңалықтар