Президент Ердоған 25 мамыр күні Брюссельге барады

25 мамыр күні НАТО саммитіне қатысатын президент Ердоған Еуроодақ басшыларымен бас қосады.

Президент Ердоған 25 мамыр күні Брюссельге барады

Президент Режеп Тайып Ердоған 25 мамыр күні Еуроодақ кеңесі төрағасы Дональд Туск және Еуроодақ Комиссиясы төрағасы Жан-Клод Юнкермен бас қосады.

Еуроодақ Комиссиясы бас мәлімдемешісі Маргаритис Шинас күнделікті баспасөз жиналысында президент Ердоған, Туск және Юнкер арасындағы кездесудің 25 мамыр күні Брюссельде жүзеге асатынын атап көрсетті.

Шинас кездесудің жері жайлы мағлұмат бермеді.

Президент Ердоған 25 мамыр күні НАТО-ның жаңа штаб пәтерінің ашылу рәсіміне орай ұйымдастырылған саммитке қатысады.



Ұқсас жаңалықтар