Мемлекет басшылары мерекеге орай құттықтау жариялады

Басшылар Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесін құттықтады.

Мемлекет басшылары мерекеге орай құттықтау жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған 19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесіне орай құттықтау жариялады.

Президент Ердоған құттықтауында 19 мамырдың түрік ұлтының азаттық күресі және мақтаныш екенін атап, Мұстафа Кемал Ататүрік басшылығында 1919 жылы 19 мамыр күні Самсунда тұтатылған тәуелсіздік алауының жастар мен спорт мерекесі ретінде тойлануының аса маңызды екенін атап көрсетті.

ТҰҰМ төрағасы Исмаил Кахраман болса жолдамасында 19 мамырды тек тарихи бір күн ретінде қабылдамау керектігін атап айтты.

Мәжіліс төрағасы «19 мамыр Еркіндік пен тәуелсіздікті нысанаға қойған бір ұлттың империяға қарсы бас имей, өз рухани және ұлттық куәлігін жалғастыру күресінің бір көрінісі ретінде бағалау керек» деді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым болса әлеуметтік медиадағы парақшасынан жариялаған құттықтауында «19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесін құттықтаймын» деді.

Республикашыл халық партиясы төрағасы Кемал Кылычдароғлу болса жастардың 19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесін құттықтады.

Кылычдароғлу жариялаған құттықтауында «Ұлтазаттық соғысымыздың ұлы көсем, республиканың құрушысы Ататүріктен бастап барлық батырларымыз бен шәйіттерімізді рақымшылықпен еске аламын» деді.

Жастар және спорт министрі Акиф Чағатай Кылыч мерекеге орай бір құттықтау жариялады.

Кылыч құттықтауында «Мұстафа Кемал Ататүріктен бастап, ұлтазаттық күрес батырларымызды және барлық шәйіттерімізді рақымшылықпен еске ала отырып, 19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекеміздің халқымызға құт әкелуін тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар