Бүгін 19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесі

Мереке ел көлемінде және шетелдік өкілеттіктерде тойлануда.

Бүгін 19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесі

Түркия Республикасын құру жолында басылған тұңғыш қадам және түрік ұлтының тәуелсіздігі үшін ұлтазаттық күрес алауы тұтатылған күннің 98-ші жылдығы

Мереке ел көлемінде және шетелдік өкілеттіктерде әртүрлі іс-шаралармен тойлануда.

19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесіне орай Анкарадағы алғашқы рәсім Аныткабирде жүзеге асты.

Жастар және спорт министрі Акиф Чағатай Кылыч және қасындағы делегация Ататүріктің мавзолейіне гүл шоғы қойды.

Аныткабир арнайы дәптеріне қол қойған Кылыч кейін министрлікте жастарды қабылдады.

Президент Режеп Тайып Ердоған болса жастармен Президенттік сарайда бас қосады.

Премьер-министр Бинали Йылдырым да Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан келген жастарды Чанкая резиденциясында қабылдайды.

Республикашыл халық партиясы төрағасы Кемал Кылычдароғлу болса Кызылайдан Аныткабирге дейін ұйымдастырылған мереке шеруіне қатысады.

Ұлтазаттық соғыстың алауы жағылған Самсунда болса мереке іс-шаралары аясында «Фонар шеруі және Жастар Фестивалі шеруі» ұйымдастырылды.

Стамбұлдағы рәсім болса Таксимдегі Республика ескерткіші алдында болып өтті.



Ұқсас жаңалықтар