Министр Чавушоғлу күн тәртібін бағалады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу АҚШ сапарын бағалады.

Министр Чавушоғлу күн тәртібін бағалады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу АҚШ әкімшілігінен ПКК террор ұйымының Сириядағы тармағы YPG-ге берілген қарулардың Түркияға қарсы қолданылмайтыны жайлы уәде алғандарын білдірді.

Чавушоғлу бір телеканал қонақ болып, күн тәртібін бағалады.

Президент Ердоғанның 16 мамыр күнгі АҚШ сапарына тоқталған Чавушоғлу Ердоғанның барлық жолдамаларды нақты түрде жеткізгенін білдірді.

Террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы ынтымақтастық үшін Түркияның да шарттары бар екенін атап айтқан министр Чавушоғлу «Арасында YPG-ге мүше террористтер бар бір құрылымға қосылмаймыз» деді.

Президент Ердоғанның «Түркияға қауіп төнген жағдайда YPG-ге қарсы халықаралық қорғаныс құқығына сай еселеп жауап қайтарамыз» деген сөзін еске салған Чавушолу бұған болымсыз көзқарас білдірілмегенін, бұл ұйымға берілген қарулардың Түркияға қарсы қолданылмайтыны жөнінде уәде берілгенін атап көрсетті.

Чавушоғлу АҚШ-тың ДАИШ-пен күрес арнайы өкілі Бретт Макгурктың террор ұйымы PKK/PYD-ге нақты түрде қолдау бергенін және бұл лауазымдының өзгертілу керектігін мәлімдеді.

Ердоғанның Вашингтон байланысы кезінде Сирияның Ракка қаласына бағытталған операцияда «террорист ағыны» болу ықтималына назар аударған министр Чавушоғлу бұл аймақтың билігін арабтарға қайтарылатыны жайлы кепілдік берілгенін түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар