Еуропаның шешіміне Анкарадан наразылық

Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Түркияны саяси бақылауға алу шешіміне Анкара наразылық танытты.

720163
Еуропаның шешіміне Анкарадан наразылық

Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Түркияны саяси бақылауға алу шешіміне Анкара наразылық танытты.

Сыртқы істер министрлігі: «ЕКПА жиынында жүруі керек әдеттегі әдістерден тыс саяси мақсатпен қабылданған осы шешімді айыптаймыз» деп білдірді.

Министрліктің мәлімдемесінде: «Бақылау шешімі Түркияның 15 шілде төңкеріс әрекетінен кейін Еуропа Кеңесімен үздіксіз жүргізілген көркейтуші ынтымақтастықты да жоққа шығарды» деп айтылды.

«Шеттететін шешім – саяси операция. Осы шешім FETÖ сынды террористтік ұйымдарға қызмет етеді» деп айтылған Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде аталыш шешімнің Еуропа Одағының парасатсыздығын көрсететіні баса көрсетілді.

 Мәлімдемеде: «Түркия Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясында осы шешімді қабылдаған депутаттарды алдымен салмақты ойлануға, артынан принципті ұстаным көрсетіп,  әлемнің ортақ проблемасы болып отырған экстремизммен күресу үшін бірігіп шара қолдануға, артып отырған шетелдік жұшпандығы, нәсілшілдік және Исламофобия проблемаларымен шынайы түрде күресуге, босқын және көш басқару тақырыптарында адам құқықтарын қорғайтын ұстаным көрсетуге шақырады» деп айтылды.

Сонымен бірге «ЕКПА-ның әділетсіз осы шешіміне қарамастан Түркия демократиялық стандарттарға,  адам құқықтары мен осы саладағы халықаралық жауапкершіліктеріне тәуелділігін жалғастырып, азаматтарының құқық пен еркіндіктерін дамытудағы табандылығын жалғастырады» деп жазылды.

ЕКПА шешіміне басқа бір наразылық Президенттік аппараттағы бас кеңесші Бүлент Гедиклиден келді. Бүлент Гедикли: «Бұл – саяси операция,  бақылаға алынуы керек елдер – Еуропа Одағына мүше елдер» деді.

ЕКПА-дағы «Түркияда демократиялық мекемелердің іс атқаруы» атты отырыстың аяғындағы дауысқа салуда Түркияның 2004 жылы шыққан бақылау процесіне кері оралуын көздеген жоба бекітілді.

Осылайша Түркия 1996 жылы еніп, 2004 жылы шыққан саяси бақылау процесіне қайтадан енгізілді.

Айырықша Түркия бақылау процесінен шығарылыпғ  осы процеске қайта алынған бірінші ел болды.

Осы шешім 45-ке қарсы 113 дауыспен қабылданды. 12 депутат қалыс қалды.

Осы шешімге байланысты ЕКПА Түрік делегациясының төрағасы Талип Күчүкжанның наразылық декларациясында рапорттың және резолюцияның қателерге толы екендігі,  Түркияға қарсы жікшіл көзқарас болғандығы атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар