Премьер-министр Ходжалы қырғынын еске алды

Премьер-министр Бинали Йылдырым Ходжалы қырғынының түрік ұлтының ортақ қайғысы екенін атап айтты.

680647
Премьер-министр Ходжалы қырғынын еске алды

Премьер-министр Йылдырым әлеуметтік желі Твиттерден жасаған мәлімдемесінде Армения тарапынан 1992 жылы 26 ақпан күні Әзірбайжанның Таулы Қарабах аймағы Ходжалы ауданы құрбандарын еске алды.

Премьер-министр «25 жыл бұрын бүгін армян бандалары тарапынан басып алынған Ходжалыда қырылған бауырларымызды Алланың рақымшылығымен еске аламын» деді.

«Жер мен көк аспанға симаған Ходжалы қырғыны» тақырыпты мәлімдемесінде Йылдырым «1992 жылы 26 ақпан күні Ходжалыда Әзірбайжанның бейбіт халқы армян бандалар тарапынан жауыздықпен қырылды. Бұл қырғын түрік ұлтының ортақ қайғысы» деді.



Ұқсас жаңалықтар