"Алдымен түсіністік күтеміз"

Министр Ышык "Түркияның өз аймағындағы ролі" жиналысында сөз сөйледі.

676037
"Алдымен түсіністік күтеміз"

ТР Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышык Түркияның терроризммен күрес тақырыбында Еуропа елдері және Америка Құрама Штаттарынан алдымен түсіністік күтетінін айтты.

Мюнхен Қауіпсіздік конференциясы аясында ұйымдастырылған «Түркияның өз аймағындағы ролі» атты панельде сөз сөйлеген Ышык Түркияның ДАИШ террор ұйымымен мықты күресіп жатқан ел екенін атап көрсетті.

Түркияның жаппай көшпен бірге террор ұйымдары ДАИШ, PKK және FETÖ-мен бір мезгілде күресіп жатқанына назар аударған министр Анкараның батыс елдерінен алдымен түсіністік күтетінін айтты.

«Егер бір террорлық ұйым Еуропаға зиян келтірсе,  бұл күресу керек бір террор ұйымы.  Егер Еуропаға зиян келтірмесе,  бұған көзді жұмуға болады деген түсініктен бас тарту керек» деді ол. Министр  бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Еуропада еркін қозғалуы, террористтердің басшысының суреттерімен көшеде шеруге шығуы және күш қолдануды мақтаудың да Түркия тарапынан қабылданбайтынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар