Эмине Ердоған әлем басшыларының жұбайларына хат жолдады

«Сіздің бұл тақырыпта халықаралық қоғамды қозғау үшін үлес қосатыныңызға шын жүректен сенемін».

637968
Эмине Ердоған әлем басшыларының жұбайларына хат жолдады

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған әлем басшыларының жұбайларына хат жазып, Сириядағы адамзаттық трагедияға назар аударды.

«Сирия үшін көз жасы төгуден гөрі бір нәрселер жасауға мәжбүр болған бір кезеңде тұрмыз» деген Эмине Ердоған басшылардың жұбайларынан халықаралық қоғамды қозғау үшін қолдау сұрады.

Эмине Ердоған хатында Сирияда 5 жылдың ішінде 600 мыңнан астам адамның өлтірілгенін, 7 миллион адамның баспанасыз қалғанын, 5 миллион адамның елін тастап кеткенін еске салып, «Химиялық қарулар қолданылған қақтығыстарда балалар, әйелдер және жазықсыз адамдар қырылды. Жүрегіміз енді бұл қайғыны көтере алмайды» деді.

Түркияның соғыстан қашқан 3 миллион адамға қонақжайлық жасап жатқанын еске салған Эмине Ердоған халықаралық қоғамның үнсіз қарап отырғанына назар аударған хатында «Сирия үшін көз жасы төгуден гөрі бір нәрселер жасауға мәжбүр болған бір кезеңде тұрмыз» деп әлем әйелдерін қозғалуға шақырды.

Эмине Ердоған әлем басшыларының жұбайларына «Сіздің бұл тақырыпта қоғамды қозғау үшін үлес қосатыныңызға шын жүректен сенемін» деп үн қатты.



Ұқсас жаңалықтар