Түрік премьер-министр Медведевпен кездесті

Премьер-министр Йылдырым Ресей премьер-министрі Медведевпен кездесті.

624739
Түрік премьер-министр Медведевпен кездесті

Ресми сапармен Ресейге барған Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым екі жақты қатынастарда қалыпқа ену үрдісін жылдамдатып, уақыт ұту керектігін білдірді.

Премьер-министр Йылдырым Ресей премьер-министрі Медведевпен кездесті.

Шамамен 45 минут созылған кездесуде екі жақты қатынастардың жетілетінін атап көрсеткен Бинали Йылдырым мұның терроризммен күрес тұрғысынан да маңызды екенін айтты.

«Ресеймен терроризммен күресте ынтымақтасамыз.  Стратегиялық саладағы қатынастар жетіледі.  Уақыт ұтуымыз керек» деді ол.

Ресей премьер-министрі Медведев те экономикадағы жаңалықтарға да өріс берудің де мақсаттар арасында орын алғанын айтты.  Медведев: «Қиын кезеңнен кейін сауда-экономикалық және мәдени саладағы көптеген тақырыпты ауқымды түрле талқылаймыз. Сауда қатынастар біраз тоқтады.  Бірқатар ортақ жобамыз бар,  осы жобаларды қайтадан іске асыру керек деп шештік» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар