Түркия шетелдегі тұңғыш әскери базасын құрды

Әскери база Сомалиде ашылды.

580206
Түркия шетелдегі тұңғыш әскери базасын құрды

Түркия шетелдегі тұңғыш әскери базасын құрды.

«Әскери дайындық базасы» ретінде қызмет көрсететін базада Сомалидің 10 мың 500 әскері оқытылады.

БҰҰ да мақұлдаған «Қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастық келісімі» аясында құрылған базада 200 шақты түрік әскери қызметкер міндет атқарады.

Айырықша әскери базаның қауіпсіздігінің қамдалуы үшін Түркиядан әскерлер жолданады.

Түркия осылайша Африкада әскери база ашқан АҚШ, Франция, Ұлыбритания және Жапониядан кейін бесінші ел болды.

Үнді мұхитына жағалауы бар Сомали Аден шығанағына да өте жақын. Сондықтан аймақтағы қарақшылар көп келетін ел болып саналады. Айырықша Әл Кайдаға қарасты Әл Шебаб ұйымы да Сомалиде лаңкестік жасауда.

Түркия Катарға да әскери база құрады. 2014 жылы жасалған келісім арқылы база оқу-дайындық базасы ретінде қолданылады. Қазір базада 150 адамдық түрік жасағы дайын тұр.



Ұқсас жаңалықтар