Калын Сирия операциясын сынға алғандарға наразылық көрсетті

"Түркияның бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-мен проблемасы бар".

562626
Калын Сирия операциясын сынға алғандарға наразылық көрсетті

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Түркияның өз жеріндегі не болмаса басқа елдердегі күрдтермен ешбір мәселесі жоқ екенін атап, «Түркияның мәселесі террор мәселесі ретінде қабылдау керек. Түркияның бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-мен проблемасы бар» деді.

Ибрахим Калын президенттік сарайда ұйымдастырған баспасөз жиналысының артынан журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Сирияның Желабрус аймағында бір аптадан бері жалғасқан Евфрат қалқаны операциясының сириялық күрдтерге бағытталғандай көрсетілуінің қабылданбайтынын атап айтқан Калын мұндай бастамаларды қатаң түрде айыптағандарын атап көрсетті.

Бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сирия тармағы PYD/YPG-нің тағы террор ұйымы болған ДАИШ-пен күресетіні сценарийі астында қозғалғанын атап айтқан Калын осылайша Иранда жасай алмаған кантон құрылымын нысанаға алғанын білдірді.

Осылай бір құрылымның Сирияның шекара тұтастығына қауіп төндіретінін, елдегі этникалық және діни қауымдық бөлшектенуді асқындыратынын атап айтқан Калын АҚШ әкімшілігінің бұл күштердің Евфрат өзенінің шығысына шегінетіні жайлы уәде бергенін еске салды.

Ибрахим Калын «Осыған қарағанда шегіну былай тұрсын, Желабрус шекарасына қарай жылжуы қабылданбайтын бір жағдай» деді.

Президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Сирияның Халеб қаласындағы қақтығыстардың болса Түркияны алаңдатқанын атап, осында бір атысты тоқтату үшін тікелей Режеп Тайып Ердоғанның бастамасы бар екенін мәлімдеді.

Калын аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды елдің Түркия екеніне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар