Қазірге дейін 45 мың 484 қызметкер міндеттен босатылды

Төңкеріс бастамасы аясында басталған тергеулер үздіксіз жалғасуда.

535987
Қазірге дейін 45 мың 484 қызметкер міндеттен босатылды

15 шілде күнгі төңкеріс бастамасы тергеуінде уақытша жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметкер саны 45 мың 484-ке ұласты.

Тергеулер аясында 954 адам қызметтен босатылды.

Ұлттық Білім беру министрлігінде Фетуллахшы террор ұйымымен (FETÖ) байланысы бар 21 мың 738 адам қызметінен алыстатылды.

Ғылым, Өнеркәсіп және технология министрлігінде 560, Экономика министрлігінде 15, Жанұя және Әлеуметтік саясаттар министрлігінде 599 адам міндетінен алыстатылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі тарапынан болса 262 әскери сот төрешісі және прокурор қызметтен босатылса, ТРТ-де 300, Радио теледидар жоғары кеңесінен 29 қызметкерлер жайлы қызметтен алыстату шешімі қабылданды.



Ұқсас жаңалықтар