Грузияның 25 жылдығы атап өтілді

Грузия Түркиядан әрдайым қолдау көрді.

498948
Грузияның 25 жылдығы атап өтілді

Грузия Парламенті төрағасы Давид Усупашвили елінің 25 жылдық тәуелсіздік үдерісінде Түркиядан әрдайым нақты қолдау алғанын айтты.

Усупашвили Грузияның тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Түркия –Грузия Парламенттер арасы Достық тобы төрағасының орынбасары Хүсейін Шахин және жанындағы делегацияны қабылдады.

Кездесу қарсаңында сөз сөйлеген Усупашвили «Дос және бауырлас Түркияның елімізге нақты қолдауы болмағанда Грузия тәуелсіздігінің 25 жылдығында бүгін осы жағдайға оңайшылықпен келе алмас еді» деді.

Осы арада Грузияның тәуелсіздігінің 25 жылдығы Трабзон қаласында да түрлі шаралармен тойланды.

Мерекелік шаралар аясында Грузияның Трабзон консулдығы және Трабзон муниципалитеті ынтымақтастығында Батуми Көркем өнер университеті оркестрі тарапынан бір концерт берілді.

Грузия 1991 жылы тәуелсіздігін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар