Давутоғлу Түркияның ЙПГ-ге қарсы шабуылы жайлы мәлімдеме жасады

Премьер-министр Эрзинжандағы байланыстарының артынан әуежайында баспасөздің сұрақтарына жауап қайтарды.

432194
Давутоғлу Түркияның ЙПГ-ге қарсы шабуылы жайлы мәлімдеме жасады

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Сириядағы Азаз және айналасындағы ЙПГ-ге террор ұйымына қарсы шабуыл жасағанын жариялады.

Премьер-министр Давутоғлу Эрзинжандағы байланыстарының артынан әуежайында баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап қайтарды.

Давутоғлу «Сирия режимінің тармағы және Ресейдің жазықсыз халықты бомбалауында ынтымақтастық жасаған бұл террор ұйымы Азазға бағыттап, бір шабуыл жасады. Біздің бұл тақырыптағы ұстанымымыз ашық. Бұл шабуылдар кезінде шекараларымызға бағытталған кейбір кішігірім шабуылдарда жасалды. Қару-жарақ ережелерін іске қосатын бір жағдай туылды. Қару-жарақ ережелері аясында Азаз мен төңірегіндегі қауіпке жол ашқан күшке ауыр қарсылық берілді» деді.

Давутоғлу «ЙПГ дереу Азаз мен айналасынан шегінсін. Сондай-ақ Азаздың маңына да жақындаушы болмасын. Коридорды қайта бұзмасын. Минни әуе базасын Түркияға қарсы немесе оппозицияға қарсы қолдануға әрекет жасамайтын болады. Осы әуежайды да тастап кетсін. Осы сөздерімді Джо Байденге де жеткіздім» деді.

Түркияның ұстанымының принцип екенін атап айтқан Давутоғлу «2 миллион 600 мың бауырымызға қонақжайлық жасап отырмыз. Одан көп келетін болса да қабылдаймыз. Дегенмен тек қана Түркия мен Еуропаны мазасыздандыру мақсатты мыңдаған, он мыңдаған адамды әуе шабуылымен қыруға қарсы да енді халықаралық қоғамның үнін шығаратын уақыт келгенін ойлаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар