Давутоғлұ Австралияда

Бас министр Ахмет Давутоғлұ «Үлкен 20» саммитіне қатысу үшін Австралияға барды.

190478
Давутоғлұ Австралияда

Давутоғлұна Бас министр орынбасары Али Бабажан, Қаржы министрі Мехмет Шимшек, Әділет және даму партиясының экономикаға жауапты төрағасының орынбасары Мехмет Муш та серік болуда.
Ертең Брисбенде басталатын «Үлкен 20» лидерлер саммиті екі күн жалғасады.
Бас министр Давутоғлұ алдымен Брисбен қалалық сарайында «Жаһандық дамуды күшейту» атты конференцияда бір баяндама жасады.
Бас министр келесі жылы Түркияның тек «Үлкен 20»-ның кезекті төрағасы ғана емес, сонымен қатар ұйымдастырушы болатынын білдірді.
Давутоғлұ одан кейін Бразилия президенті Дилма Русф және Экономика өркендеу және ынтымақтастық ұйымы бас хатшысы Ангель Гурриямен екі жақты кездесу өткізді.
Давутоғлұ Австралия бас министрімен де кездесті.
Бас министр саммиттің екінші күнінде «Жаһандық экономиканы жақсарту» және «Энергия» тақырыбындағы сессияларға қатысты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар