Давутоғлу Джон Керримен телефон арқылы сөйлесті

Сұхбатта Газа мәселесі туралы сөз болды

68334
Давутоғлу Джон Керримен телефон арқылы сөйлесті

Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлу Газада оқ атуды тоқтату келіссөздерін жүзеге асыру үшін дипломатиялық талпыныстар жасауда.
Давутоғлу кеше АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри және Катар сыртқы істер министрі әл-Атииемен сөйлесті.
Бұл сұхбатта Палестина президенті Махмұт Аббастың Түркияға іс-сапарында бейбітшілік үшін жасалған қадамдар талқыланды.
Давутоғлу Джон Керримен сұхбатында АҚШ сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Дж. Псакидің премьер-министр Эрдоғанның сөздеріне байланысты айтқан пікірлеріне сын ескертпелер жасады.
Давутоғлу кешке қарай Джон Керримен тағы да телефон арқылы сөйлесті.
Түркия сондай-ақ ХАМАС-пен де хабарласып отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар