Түрік Кеңесімен келісімге қол қойды

2020 жылы Түркияда өтетін 4-ші Бүкіләлемдік Көшпенді ойындарының стратегиясы да айқындалды.

Түрік Кеңесімен келісімге қол қойды

Бүкіләлемдік Этноспорт конфедерациясы мен Түрік Кеңесі басшылары келісімге қол қойды.

Осы жиналыста 2020 жылы Түркияда өтетін 4-ші Бүкіләлемдік Көшпенді ойындарының стратегиясы да айқындалды.

Бүкіләлемдік Этноспорт конфедерациясының басшысы Билал Ердоған, Түрік Кеңесі Бас хатшысы Бағдат Әміреев және ұйым жетекшілері қатысқан жиналыс Стамбулда болып өтті. Халықаралық ынтымақтастық тақырыптары қарастырылған жиналыста Бүкіләлемдік Этноспорт конфедерациясы мен Түрік Кеңесі арасында келісімге қол қойылды.

Осындағы сөзінде Билал Ердоған Түрік Кеңесінің жұмыстарына риза екендерін айтты. 4-ші Бүкіләлемдік Көшпенді ойындарының ұйымдастырылуы тақырыбында Түрік Кеңесімен бірге жұмыстануға да мүдделі екендерін білдірген Ердоған келісімнің жастар мен спорт саласындағы ынтымақтастықты нығайту жолында екі ұйым үшін ықпалды механизм қалыптастыратынын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар