Каспий конвенциясын бекітті

Елбасы «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.

Каспий конвенциясын бекітті

Мемлекет басшысы «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Конвенцияны 2018 жылғы 12 тамызда Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан президенттері бекіткен еді.

Конвенция аталмыш елдердің парламенттері мен президенттерінің бекітуін күтіп тұрса,  Қазақстан Парламенті конвенцияны өткен апта мақұлдаған болатын.

Конвенцияның мақсаты - Каспий теңізін, соның ішінде оның суын, түбін, жер қойнауын, табиғи ресурстарын және теңіздегі әуе кеңістігін пайдалану туралы тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтау және реттеу. Конвенция ұлттық аймақтарды, юрисдикциялар мен егемендікті делимитациялау, жер қойнауын пайдалану, транзит және тасымалдау, су асты құбырлары мен кабельдерін төсеу, сондай-ақ Каспий теңізінің қоршаған ортаны қорғау және биологиялық ресурстарын игеру мәселелерін реттейді.

Каспийге жағалауы бар елдер тысында теңізде шетелдік әскери күштердің болуына рұқсат берілмейді. Тараптар теңіз, балық шаруашылығы, биологиялық көздерді қолдану және сақтау,  кен іздеу және өндіру істерін атқаруына болады.

Теңізге жағалауы бар ел жасанды арал, базалар және ғимараттар салуға,  қолдануға құқылы болады.

Каспий теңізінің биологиялық түрлілігіне зиян келтіретін істерге тыйым салынады. Тараптар келтірген зияны үшін халықаралық нормаларға сай жауапты деп танылады.

Тараптар халықаралық терроризм, заңсыз қару,  есірткі саудасы.  Теңіз арқылы босқын тасымалдаудың алдын алумен қатар басқа да қылмыстарға қарсы күрес үшін ынтымақтастықта болады.



Ұқсас жаңалықтар