Алматыда тікұшақ құлады

Қазақстанның Алматы қаласында бір тікұшақтың құлауы салдарынан ұшқыш қаза тапты

Алматыда тікұшақ құлады

Қазақстанның Алматы қаласында бір тікұшақтың құлауы салдарынан ұшқыш қаза тапты. 

Қазақстан Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов жасаған мәлімдемесінде жергілікті сағат 16-дан бес минут өткен кезде Sky Service атты бір жекеменшік компанияға қарасты Eurocopter 130 типті тікұшақтың Алматыдағы Алатау санаториясы тұрған жерге құлағанын білдірді.

Нұрсұлтан Нұрахметов тікұшақ құлаған кезде жаралы құтқарылған ұшқыштың емханаға баратын жолда жедел құтқару көлігінде қаза тапқанын хабарлады.

Қазаның себебіне байланысты мәлімет жасалмады.



Ұқсас жаңалықтар