Өзбекстанда жаңа партия құрылды

Экология қозғалысы саяси партия болуға шешім беріп, Өзбекстан Экология партиясына айналды.

Өзбекстанда жаңа партия құрылды

Орталық Азиядағы ең ірі табиғи апат – Арал теңізі көп зиян келтірген Өзбекстанда қоршаған орта мәселелерімен айналысуды мақсат еткен Экология партиясы құрылды.

Елдегі үкіметтік емес Экология қозғалысы саяси партия болуға шешім берді.  Ташкенттегі Өзбекстан Экология партиясының алғашқы құрылтайына 250 делегат қатысты.

Қозғалыстың лидері Бари Алиханов партияның басшылығына сайланды.

Алиханов құрылтайда сөйлеген сөзінде Арал теңізі секілді табиғи апаттар мен олардың зияндарының жойылуымен жақыннан айналысатындарын айтты.  Алиханов мақсаттарының елде және өңірде қоршаған орта мәселелерін көтеріп,  оларға шешім табу екенін атап көрсетті.

Құрылтайда партияның орталық комитеті мен бақылау комитеті қалыптастырылды.  Жарғысы мен бағдарламасы қабылданды.

Үкіметтік емес ұйым ретінде 2008 жылы құрылған Өзбекстан Экология қозғалысы елдегі заңдарға сәйкес ешбір сайлауда жарыспастан парламенттің төменгі қанаты Заң шығару мәжілісінде 15 орынға өкілдік ететін.



Ұқсас жаңалықтар