Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына жаңа бас хатшы

Өзбекстанның бұрынғы Сыртқы істер министрі хатшылық қызметін бастады.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына жаңа бас хатшы

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының жаңа бас хатшысы Өзбекстанның бұрынғы Сыртқы істер министрі Владимир Наров болды.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің хабарламасына қарағанда,  ШЫҰ-на мүше елдер басшылар кеңесінің шешіміне орай Өзбекстан Президенттік аппаратына қарасты Стартегиялық және өңіраралық зерттеулер институтының басшысы Владимир Наров 1 қаңтар күнінен бастап ШЫҰ бас хатшылығы міндетін бастады.

Ұйымның 2017-2018 жылдар арасында бас хатшылық міндетін атқарған Рашид Алимовтың орнына келген Наров 2019-2020 жылдар аралығында қызмет атқарады.  

Наров 2006-2010 жылдары Өзбекстанның Сыртқы істер министрі, бұдан бұрын да түрлі елдерде өкілетті елші қызметін атқарған.

2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан,  Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан тарапынан құрылған ұйымға былтыр Пәкістан мен Үндістан мүше болды.

Ауғанстан,  Белоруссия, Иран және Моңғолстан да бақылаушы мүше.



Ұқсас жаңалықтар