«Түркі әлемінің лидері» атты деректі фильм түсірілді

Деректі фильмді "Хабар" агенттігі түсірді.

«Түркі әлемінің лидері» атты деректі фильм түсірілді

Қазақстанның «Хабар» агенттігі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай «Түркі әлемінің лидері» атты деректі фильм түсірді.

Деректі фильмде елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі интеграциясын тереңдетудегі және Қазақстанның дамуындағы рөлі мен сардар саясаты, жасампаз бастамалары жайлы сипатталады.

Фильмде Түркі кеңесінің тұңғыш бас хатшысы Халил Акынджы, Әзірбайжан Республикасы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Фаттах Гейдаров, Түркия Республикасы Президентінің бас кеңесшісі Ялчын Топчу, Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов, Түркітілдес мемлекеттер Ақсақалдар кеңесінің Тұңғыш төрағасы Мырзатай Жолдасбеков, Өзбекстан Республикасы Сенат төрағасының орынбасары Садык Сафаев, Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреев, ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов және  Халықаралық Түрік академиясының басшысы Дархан Қыдырәлінің пікірлері берілген.

Деректі фильмде сонымен бірге Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Гүнай Эфендиева және түркі әлеміне беделді тұлғалар мен мамандар мемлекет басшысының Қазақстанның қарқынды дамуындағы және халықаралық саясаттағы рөліне тоқталған.



Ұқсас жаңалықтар