Түрік Кеңесі Халықаралық Жастар фестивалі Түркияда өтеді

Астанада өткен Түрік Кеңесі ІІІ Жастар және спорт министрлері жиналысы аяқталды.

Түрік Кеңесі Халықаралық Жастар фестивалі Түркияда өтеді
Түрік Кеңесі Халықаралық Жастар фестивалі Түркияда өтеді
Түрік Кеңесі Халықаралық Жастар фестивалі Түркияда өтеді

Астанада өткен Түрік Кеңесі ІІІ Жастар және спорт министрлері жиналысы аяқталды.

Түркі әлемінің жастары 2019 жылы Түрік Кеңесі Халықаралық Жастар фестивалінде Түркияда,  Халықаралық Жастар лагерінде Қазақстанда бас қосады.

Қазақстанның бас қаласы Астанада өткен Түрік Кеңесі ІІІ Жастар және спорт министрлері жиналысы аяқталды.

Осы мақсатта Қазақстанға барған ТР Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлу TRT арнасына сұхбат беріп,  түрік әлемі жастары үшін маңызды шешімдер берілгенін айтты.

«Жастарымызға сенеміз.  Осы мағынада жастарымыз арасындағы түрлі іс-шараларды жоспарлау, жүзеге асыру тақырыбында жұмыстанып жатырмыз. Алдымыздағы кезеңде Түрік әлемі Жастар фестивалін Түркияда ұйымдастырамыз.  Бүгін шешім қабылданды.  Сонымен бірге Жастар лагері болады Қазақстанда.  Жастарымыз арасындағы бауырластық, достықты жетілдіру тұрғысынан бұлар өте маңызды жұмыстар.  Спорт саласында да Көшпенді ойындарын  Түркияда өткіземіз» деді ол.

Түрік Кеңесі Бас хатшысы Бағдат Әміреевтің басшылығында өткен жиналысқа Қазақстан және Қырғызстанның өкілдері қатысты.  Қабылданған шешімге қарағанда, 2019 жыл үшін жоспарланған басқа бір шара Түрік Кеңесі Жастар платформасы пленарлық жиыны Әзірбайжанда, ІІ Жас лидерлер форумы болса Түркістан қаласында ұйымдастырылады.

Түрік Кеңесі Жастар және спорт министрлерінің кезекті жиналысы Қырғызстанда өткізіледі деп шешілді.

Мейрамгүл Құспан

TRT Астана



Ұқсас жаңалықтар