Түркістан халықаралық медиа орталығы ашылды

Түркістандағы жаңалықтар енді әлемге сол сәтте таратылатын болады.

Түркістан халықаралық медиа орталығы ашылды
Түркістан халықаралық медиа орталығы ашылды
Түркістан халықаралық медиа орталығы ашылды

Түркістан халықаралық медиа орталығы ашылды

Түркі әлемінің маңызды қаласы Түркістандағы жаңалықтар енді әлемге сол сәтте таратылатын болады. «Түркістан халықаралық медиа орталығы» қызметін бастады.

Жаңа салынған көркем ғимаратта орналасқан орталықтың ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен бірге Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген журналисттер қатысты.

Түркияның атынан «ТRT» телекомпаниясының Қазақстандағы өкілдігінің директоры Абдулхамит Авшар қатысты.

Жаңа орталықта түркі тілдерімен қоса ағылшын тілінде де хабар таратылады.

Түркістан халықаралық медиа орталығынан қалаға келген барша отандық және шетелдік баспасөз өкілдері пайдаланады.

Ашылу салтанатынан кейін «Түркістан интеллектуалды клубының» бірінші отырысы өткізілді. Отырыста сөз сөйлеген Түркістан облымы әкімі Түймебаев: «Елбасымыз Түркістан қаласын Түркі әлемінің рухани орталығына және әлем туристері келуге асығатын қалаға айналдыру жөнінде тапсырма берген болатын. Бүгін шетелдік ақпарат құралдары өкілдерін, еліміздің жетекші телеарналары мен басылымдарының басшыларын, өңірдегі редакторлар мен журналистердің басын қосудағы мақсатымыз да - бірлесіп жұмыс істеуге шақыру. Облысты дамыту һәм түлету бағытындағы ой-пікірлерін білу. Қаланы көркейтуге және журналистиканы дамытуға арналған ұсыныстарды тыңдауға әзірміз» деді.

TRT  телекомпаниясының Қазақстандағы өкілі Авшар болса байырғы қала Түркістан облыс орталығы болғаннан бері маңызды жобалар жүргізілгенін айтып,  бұлардың бұқаралық ақпарат құралдарында лайықты орын табуының маңызды екенін білдірді.

Отырыстан кейін Түркістан мен түркі әлемі медиасы арасындағы қарым-қатынастарды нығайту және жетілдіру мақсатымен Түркия, Әзірбайжан,  Қырғызстан және Татарстан мемлекеттік телерадио корпорациялары және ақпарат агенттіктері арасында хаттамаға қол қойылды.

Мейрамгүл Құспан

TRT Астана



Ұқсас жаңалықтар