Медведев Қазақстанда

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Қазақстанға ресми сапармен барды.

medvedev-nazarbayev1.jpg

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Қазақстанға ресми сапармен барды.

Медведев кездесулері шеңберінде Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан қабылданды. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасында өзара сенімге негізделген және қарқынды дамып келе жатқан ықпалдастықтың стратегиялық сипатын атап өтті. «Жақында Президент Владимир Путинмен кездестім. Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыстар үлгі етуге тұрарлық. Бізге осы қарым-қатынасты сақтау қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еуразия экономикалық одағы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы және ТМД сияқты халықаралық ұйымдардың аясында екі елдің өзара ынтымақтастығын нығайту мәселелеріне тоқталған мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің сауда-экономикалық қарым-қатынастарды және өңіраралық байланыстарды нығайту ісінде маңызды рөл атқаратынын атап көрсетті.

Медведев болса «Қазақстан - Ресейдің стратегиялық серіктесі әрі одақтасы. Біздің қарым-қатынасымыз ауқымдылығымен және тереңдігімен ерекшеленеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар