Өзбекстан премьер-министрі түрік іскерлермен кездесті

Абдулла Арипов елде қызмет ететін түрік іскерлерімен бас қосты.

Өзбекстан премьер-министрі түрік іскерлермен кездесті

Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов елде қызмет ететін түрік іскерлерімен бас қосты.

Премьер-министр Арипов түрік іскерлерімен қоса елдегі инвестиция,  әділет, туризм, медицина,  салық және инновация салаларына жауапты министр мен орынбасарлары да қатысқан жиналыс ұйымдастырды.

Жиналыста сөз сөйлеген Арипов екі ел президенттерінің өзара сапарынан кейін Түркия мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастарда жаңа парақ ашылғанын,  түрік азаматтарына виза жеңілдігі берілгенін,  түрік компанияларымен түрлі жобалардың жүзеге асырылуына бағытталған жұмыстардың жалғасып жатқанын білдірді.

Арипов Өзбекстанға сапарлай келген Түркия мәжілісінің спикері Бинали Йылдырыммен өткен кездесуде елдегі түрік компанияларының басшыларының кездесу талабының өзіне жеткізілгенін еске салып,  әрқашан сөйлесуге дайын түрік іскерлеріне қолдау беруге әзір екендерін айтты.

«Осы жиналыс пайдалы болса,  осындай кездесулерді жүйелі түрде өткізуге болады. елге келген іскерлерге көмектесу үшін президент Шавкат Мирзиеевтің арнайы нұсқауы бар» деді ол.

Түркияның Ташкенттегі өкілетті елшісі Ахмет Башар Шен де түрік іскерлермен кездесу өткізгені үшін Ариповға алғыс білдірді.



Ұқсас жаңалықтар