Әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Өзбекстан мен Әзірбайжан келісімге келді.

Әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Өзбекстан мен Әзірбайжан Қорғаныс министрлері арасында 2019 жылдың әскери ынтымақтастығы жоспарына қол қойылды.

Өзбекстан Қорғаныс министрлігі Баспасөз кеңсесінің хабарламасына қарағанда,  Қорғаныс министрі Абдусалом Азизов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Қорғаныс министрлерінің жиналысына қатысу мақсатымен Ташкентке келген Әзірбайжан Қорғаныс министрі Закир Хасановпен кездесті.

Екі министр елдері арасындағы әскери және әскери дайындық саласындағы серіктестік және перспективалар,  әскери техникалық тақырыптарда қатынастардың жетілдіріле түсуі керектігіне келісті.

Кездесуде екі ел Қорғаныс министрліктері арасында келесі жыл үшін жоспарланған құжатқа қол қойылды.

Азизов айырықша Беларусия Қорғаныс министрі Андрей Равковпен де кездесті. Екі министр 2019 жылы бірлескен әскери жаттығу өткізуді көздейтін 2019 жоспарына қол қойды.  



Ұқсас жаңалықтар