Бинали Йылдырым Өзбекстанға барды

ТҰҰ Мәжілісі төрағасы Бинали Йылдырым ресми сапармен Өзбекстанға барды.

Бинали Йылдырым Өзбекстанға барды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Бинали Йылдырым ресми сапармен Өзбекстанға барды.

Бинали Йылдырым  Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Нигматулла Юлдашевтің шақыруымен Өзбекстанның астанасы Ташкентке  барды. Юлдашев Бинали Йылдырымның құрметіне кешкі қонақасы берді.

Йылдырым қонақасында сөз сөйледі. Йылдырым сөзінде «Түрік және өзбек халқы бірдей географияда өмір сүрмегенімен тегі бір және бауырластығы көне тарихқа барып тіреледі. Осы сезімді екі бауырлас халық тарих бойынша сақтап қалды. Сондықтан Өзбекстанның тәуелсіздігін алғаш болып Түркия таныды. Осы таңда екі ел және екі ел халықтары селбесу ішінде» деген сөздер қолданды.

Екі елдің депутаттарының қарым-қатынастардың дамытылуы  үшін үлес қосуы керектігін  білдірген Йылдырым «Президент Режеп Тайып Ердоған мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев бірлесе отырып ортаға саяси жігер қойды. Бұның жүзеге асатынына кәміл сенемін» деді.



Ұқсас жаңалықтар