Қазақстан машина жасаушыларының форумы

Қазақстанда сегіз ай ішінде 19 мыңнан аса көлік құрастырылды.

Қазақстан машина жасаушыларының форумы

Қазақстанда сегіз ай ішінде 19 мыңнан аса көлік құрастырылды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,6 есеге артық.

Бұл туралы Қазақстанның Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Астанада алтыншы рет өтіп жатқан Қазақстан машина жасаушыларының форумында баяндады.  

Сондай-ақ министр «2020 жылға қарай Қазақстанда 100 мыңнан аса көлік шығаруды көздеп отырмыз» деді.

Қазақстан Республикасы Үкіметі және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қолдауымен Қазақстан машина жасаушылар Одағы тарапынан ұйымдастырылған форум «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбына арналды.

Әлемнің 30 мемлекетінен 900-ден аса  машина жасау саласының өкілдері шақырылған форумға Түркиядан да қонақтар қатысты. Форумда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқыған Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин «Әлемде машина жасау саласы қарқынды дамып жатыр, бұл дамудан Қазақстан да тысқары қалмауы қажет» деді.

Форум барысында машина құрастыру фабрикаларының көрмесі де ұйымдастырылды. Көрмеге Астанадағы университеттердің студенттері үлкен қызығушылық көрсетті. 

Мейрамгүл Құспан

TRT Астана



Ұқсас жаңалықтар