Өзбекстанға сыйға тартылған жәдігерлер көрмеге қойылды

170 туындының түпнұсқадан көшірмесі Өзбекстанға сыйға тартылды.

Өзбекстанға сыйға тартылған жәдігерлер көрмеге қойылды

Стамбулдағы Топкапы сарайы мұражайы және Түрік-Ислам туындылары мұражайында сақталған өзбек миниатюра өнері бойынша 170 туындының Өзбекстанға сыйға тартылған түпнұсқадан көшірмелері бірінші рет көрмеге қойылды.

Ташкенттегі Түркия өкілетті елшілігі жанындағы Мәдениет және таныстыру кеңесшілігі мен Түрік Ынтымақтастық және даму басқармасы ТИКА-ның қолдауымен жеткізілген жәдігерлердің көшірмелері Өзбекстанның Кемаледдин Бехзад атындағы Шығыс миниатюра өнері мұражайында көрмеге қойылды.

Көрменің беташарына өзбек мамандар және өнер сүйер қауым қызығушылық танытты.

Түркияның өкілетті және төтенше елшісі Ахмет Башар Шен беташарда сөйлеген сөзінде Түрік-Ислам өркениетінің мыңдаған жылдық көне мекені, Ұлы Жібек жолының ортасында орналасқан осы топырақтың өркениеттердің табысуына қызмет еткенін білдірді.

Өзбекстан Мәдениет министрінің орынбасары Камала Акилова да осы туындылардың тұпнұсқаларының көшірмелерінің бірінші рет Өзбекстанда көрмеге қойылуының елдің мәдени тұрмысы үшін маңызды екенін атап көрсетті.

Көрменің ашылуына байланысты Стамбулдағы Топкапы сарайы мұражайы мен Түрік-Ислам туындылары мұражайы және Өзбекстанның Кемаледдин Бехзад шығыс миниатюра өнері мұражайы арасында ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар