Түркия мен Қазақстан арасында үкіметаралық 5 келісімге қол қойылды

Ердоған мен Назарбаев Анкарадағы оңаша және делегация аралық келіссөздердің артынан ортақ баспасөз жиналысы өткізді.

Түркия мен Қазақстан арасында үкіметаралық 5 келісімге қол қойылды

Президент Режеп Тайып Ердоған ортақ баспасөз жиналысында Фетуллахшы террор ұйымымен (FETÖ) күрес тақырыбын Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен егжей-тегжейлі қолға алғандарын атап көрсетті.

Ердоған мен Назарбаев бас қала Анкарада оңаша кездесу мен Жоғары деңгейлі стратегиялық кеңес жиналысының артынан президенттік сарайда ортақ баспасөз жиналысы өткізді.

Ердоған Назарбаевпен бірге Қырғызстанда 3 қыркүйек күні болып өткен Түрік Кеңесінің 6-шы басшылар саммитінде бас қосқандарын еске салды.

Президент Ердоған Анкарадағы оңаша және делегация аралық кездесудің артынан екі жақты күн тәртібіндегі тақырыптарды шынайылықпен талқылағандарын атап көрсетті.

Өте ауқымды және табысты бір жиналыс өткізгендерін білдірген Ердоған Назарбаевтың сапары арқылы екі ел үкіметтері арасында 5 салада ынтымақтастық келісімдеріне қол қойылғанын білдірді.

Президент Ердоған Анкарада жиналған Түркия-Қазақстан Инвестиция форумы аясында барлығы 2 миллиард долларға жуық 20-дан астам құжаттың екі елдің тиісті мекемелері мен жекеменшік саланың фирмалары арасында қол қойылғанын мәлімдеді.

«Кездесуімізде FETÖ-мен күрес тақырыбында көзқарас алмастық» деген Ердоған «Осы ұйымның еліміз бен ұлтымызға қоса ынтымақтастығымыз бар елдерге төндірген қауіпін барлық тұстарымен ортаға қойдық және тиісті лауазымдыларымызға тапсырмалар бердік. Бүгін сондай-ақ экономика, сауда, қорғаныс, мәдениет және оқу салаларынан бастап, екі жақты күн тәртібімізде орын алған басқа да мәселелерді қолға алдық» деді.

Ортақ баспасөз жиналысы алдында Ердоған мен Назарбаевтың құзыретінде екі ел арасында келісімдерге қол қою рәсімі болып өтті.

Екі ел үкіметтері арасында «Әскери ынтымақтастық келісімі» және «Әскери салада құпиялылық ерекшелігі бар ақпаратты екі жақты қорғау жөніндегі келісімге» ТР Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар мен ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, «Жаңа Синергия ортақ экономикалық бағдарлама 2018-2020 жоспарына» ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мен ҚР Инвестиция және өркендеу министрі Жеңіс Қасымбек, «Мәдениет орталықтарын құру және жұмыстарын ұйымдастыру туралы келісімге» ТР Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой мен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, «Ауылшаруашылығы ынтымақтастық хаттамасына» ТР Ауыл шаруашылығы және Орман вице-министрі Мехмет Хади Тунч пен ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев қол қойды.



Ұқсас жаңалықтар