Президент Ердоған ресми сапармен Бакуге барады

Президент Ердоған Бакудің азаттығының 100 жылдығына орай ұйымдастырылатын рәсімге қатысады.

1049741
Президент Ердоған ресми сапармен Бакуге барады

Президент Режеп Тайып Ердоған ертең Әзірбайжанның бас қаласы Бакудің азаттығының 100 жылдығына орай ұйымдастырылатын рәсімге қатысады.

Президенттік баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоған Кавказ Ислам армиясының құрылу және Бакудің азаттығының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған рәсімге қатысу үшін Әзірбайжанға ресми сапармен барады.

Сапар аясында жүзеге асатын кездесулерде Әзірбайжанмен стратегиялық бірлік пен ынтымақтастықты одан да жетілдіру үшін басылатын қадамдардың қолға алынатыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар