Өзбекстан мен Беларусь арасында бірқатар келісімге қол қойылды

Екі ел арасында жалпы сомасы шамамен 200 миллион долларлық келісімдерге қол қойылды.

Өзбекстан мен Беларусь арасында бірқатар келісімге қол қойылды

Өзбекстан-Беларусь Бизнес форумында жалпы сомасы шамамен 200 миллион долларлық келісімдерге қол қойылды.

Беларусь президенті Александр Лукашенконың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында бас қала Ташкентте екі елдің іскерлері қатысқан Бизнес форум өткізілді.

Өзбекстан вице-премьері Надир Атажанов және Беларусь вице-премьері Михаил Русый басшылығында өткен Бизнес форумда екі елдің іскер жандары мен мемлекеттік мекемелерінің өкілдері арасындағы ынтымақтастықтың жетілдірілуіне байланысты кездесулер жүргізілді.

Бизнес форумында Өзбекстан Сыртқы сауда министрі Шамжид Ходжаев Беларусь жағына елдегі бизнес және инвестиция мүмкіндіктері мен шетелдік инвесторларға көрсетілген жеңілдіктер жөнінде мәлімет берді. Беларусь іскерлері де өзбек компанияларының өкілдерімен серіктестік мүмкіндіктерін қарастырды.

Екі ел арасында жалпы сомасы 193,3 миллион долларлық 82 келісімге қол қойылды.

Бизнес форум шеңберінде Ташкентте Беларусь Өнімдері көрмесі ұйымдастырылды.

Беларусь президенті Лукашенконың Өзбекстанға 24 жылдан кейінгі сапары бүгін аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар