Қазақстан экономикасы өсуде

Қазақстан экономикасы осы жылдың алғашқы 8 айында 3,8 пайыз өсті.

Қазақстан экономикасы өсуде

Қазақстан экономикасы осы жылдың алғашқы 8 айында 3,8 пайыз өсті.

Қазақстан ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменов ел экономикасының осы жылдың алғашқы 8 айында 3,8 пайыз өскенін білдірді.

Сүлейменов министрлер кеңесі жиналысында жасаған баяндамасында осы жылдың қаңтар-тамыз маусымында ел экономикасының қарқынды түрде дамығанын білдіріп, «Экономикалық өсу әлем нарықтарындағы тоқырау кезеңінде болды. Санақтарға қарағанда 8 айда мемлекеттің таза ұлттық кірісі 3,8 пайыз өсті» деді.

Министр Сүлейменов мақсаттарының осы жылдың аяғындағы өсу деңгейін 4 пайызға көтеру екенін айтты.

1 қыркүйектен бастап, мемлекеттің халықаралық резервтерінің 87,3 миллиард доллар болғанына да назар аударған Сүлейменов алтын резервтердің 0,1 пайыз артып,  30,8 миллиард долларға жеткенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар