Астанада Оқу конгресі

Астанада III. Халықаралық Оқу Конгресі өтіп жатыр.

Астанада Оқу конгресі

Тың технологиялар дәуірінде кітап мәдениетін қалай сақтап қалуға болады? Жаһандық өзекті мәселеге айналған бұл тақырып Қазақстанның бас қаласы Астанада III. Халықаралық Оқу Конгресінде талқыланды. 

Қазақстанның және әлемнің 26 мемлекетінің белгілі жазушылары және сала мамандары отбасылық оқудың дәстүрлері мен инновациялары, жастар арасында кітапқа қызығушылықты арттыру және адам өмірінде кітаптың алатын рөлін анықтау үшін елордасы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында бас қосты.

 «Заманауи әлемдегі оқу мәдениеті» тақырыбында өрбіген конгресс Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Екі күнге созылатын шарада сондай-ақ жастарға арналған шеберлік сыныптары мен атақты жазушылармен кездесулер де өтеді.

Мейрамгүл Құспан

TRT Астана



Ұқсас жаңалықтар