Ыстықкөлде Этно Мәдениет фестивалі басталды

Фестивальге 350 шақты өнерпаз қатысуда.

etno kultur festivali1.jpg
etno kultur festivali2.jpg
etno kultur festivali3.jpg

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтың қолдауымен 2 қыркүйек күні басталған ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Халықаралық Этно Мәдениет фестивалі басталды.

Ыстықкөл аймағының Бостери ауылындағы «Номад» амфитеатрында фестивальдің беташары өткізілді. Фестивальді премьер-министр Мұхаммедқали Абылғазиев ашты.

Көшпенді халықтардың дәстүрлі мұрасын сақтап қалуды мақсат еткен Халықаралық Этно Мәдениет фестивалінде премьер-министр: «Халықаралық фестиваль -  Көшпенді ойындарының бір сатысы. Ойындар арқасында жаһандану дәуірінде дәстүрлі мәдениеттің,  әлемнің көшпенді халықтарының мәдени мұрасының халықаралық деңгейде дамуын және насихатталуын мақсат етеміз» деді.

Қырғызстанда екі күннен бері жалғасып келе жатқан Дүниежүзілік ойындардың әлемде жүзеге асырылған 2018 жылдың ең маңызды мәдени шаралары қатарында екенін атап көрсеткен премьер-министр: «Ойындарда Оңтүстік Америкалықтар, викингтер,  моңғолдар, қытайлар,  арабтар,  жапондар мен түркі тектес халықтар орын алуда.  Сондықтан ойындардың Манас пен әлемге танымал қаламгер Айтматовтың туған жерінде өткізілгеніне ризамыз» деді.

Үш күн бойы фестиваль аясында 350 шақты отандық және шетелдік өнерпаздар сахнаға шығады. Олар дәстүрлі би,  сән,  аңыз айту түрінде өз өнерлерін паш етеді.



Ұқсас жаңалықтар