Бүкіләлемдік көшпенді ойындарының 4-шісі Түркияда өтпек

Қырғызстанның Кырчын жайлауында 500-ден астам киіз үй тігілген этно-ауыл ашылды.

gocebe oyunlari.jpg
gocebe oyunlari kirgizistan.jpg

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтың қонақжайлығында алдынғы басталған 3-ші Бүкіләлемдік Көшпенді ойындарының дайындығы аясында құрылған этно ауыл ашылды.

Қырғызстанның Кырчын жайлауында 3-ші Бүкіләлемдік көшпенді ойындары үшін 500-ден астам киіз үй тігілген этно ауыл ашылды.

Түркия Радио Теледидар мекемесі және Анадолу Агенттігі медиа ортағы болған 3-ші Бүкіләлемдік көшпенді ойындарының бір бөлігі ретінде этно ауылдың ашылу рәсімін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков жасады.

Ашылу рәсімінде әншілер мен студенттерден тұратын көптеген ойыншы «Көшпенділердің алтын дәуірі» атты спектакльмен қырғыз тарихы және көшпенді өмірінің салт-дәстүрлерін сахнаға қойды.

Президент Жээнбеков ойындардың жоғары деңгейде өтуі үшін қолдау берген халық пен ұйымдастырушыларға арнайы алғыс айтты.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 2 жылда бір рет өткізілетін 3-ші Бүкіләлемдік көшпенді ойындарының салтанатты түрде Түркітілдес елдердің басшыларынан президент Режеп Тайып Ердоған және президент Нұрсұлтан Назарбаевке қоса, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан, РФ қарасты Татарстан Республикасы президенті Рүстем Миннихановпен бірге ашқандарын түсіндірді.

Президент Жээнбеков көшпенді өркениетінің пәлсапасын жетілдіру мақсатты Бүкіләлемдік көшпенді ойындарының 4-шісін Түркия Республикасында өткізу үшін президент Ердоғанның қолдауын алғандарын атап көрсетті.

Келесі ойындардың Түркияда ұйымдастырылуы үшін барлық құқықтың Түркияға тапсырылғанын атап көрсеткен Жээнбеков Түркия халқы мен Ердоғанға қолдауы үшін алғысын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар