Ердоған Бүкіләлемдік Көшпенді ойындарының ашылу рәсіміне қатысты

Президент Ердоған Қырғызстан байланыстары аясында 3-ші Бүкіләлемдік Көшпенді ойындарының ашылу рәсіміне қатысты.

Ердоған Бүкіләлемдік Көшпенді ойындарының ашылу рәсіміне қатысты

Ердоған бас қала Бішкектегі байланыстарының артынан Бүкіләлемдік Көшпенді ойындарының ашылу рәсіміне қатысу үшін арнайы ұшағымен Бішкектегі Манас халықаралық әуежайынан Ысық-көл Тамчы әуежайына барды.

Делегациямен Чолпон-Атадағы Ысық-көлде ойналатын 3-ші Бүкіләлемдік Көшпенді ойындарының ашылу рәсіміне барған Ердоған рәсімнің алдында қонақ асыға қатысты.

Қырғызстанның Бішкек қаласындағы Манас Халықаралық Қырғыз-Түрік Университетінде құрметті доктор атағы берілген Ердоған қырғыз әріптесі мен бас қосып, Ата-Бейт ескерткіш мазарына барған болатын.

1916 жылғы көтерілісі еске алу үшін салынған Үркүн ескерткішіне гүл шоғы қойған Ердоған атақты қырғыз халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың мазарына барып қалампыр қойды.

Ердоған кеше болса Қырғызстан президент Сооронбай Жеенбековпен бірге Имам Серахси мешітінің ашылу рәсіміне қатысты



Ұқсас жаңалықтар