Президент Ердоған Қырғызстанға аттанады

Бішкекте Түркия-Қырғызстан Жоғары стратегиялық ынтымақтастық жиналысы өткізіледі.

Президент Ердоған Қырғызстанға аттанады

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми кездесулер жүргізу және Түрік кеңесінің саммитіне қатысу мақсатымен 1-3 қыркүйек күндерінде Қырғызстанға барады.

Президенттік баспасөз орталығының хабарламасына қарағанда,  Ердоған сапар аясында Бішкекте Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездеседі.

Артынан Түркия мен Қырғызстан жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің төртінші жиналысы өткізіледі.

Кездесулерде Қырғызстандағы Фетуллахшы террорлық ұйымымен күрес, екі жақты қатынастар және өңірлік мәселелер қарастырылады.

Ердоған Қырғызстан сапарының екінші күнінде Ыстықкөл аймағында Шолпан-Ата қаласында өтетін 3-ші Бүкіләлемдік көшпенді ойындарының беташарына және Түрік кеңесінің саммитіне қатысады.



Ұқсас жаңалықтар