Түркия мәжілісі төрағасы Әзірбайжанда

Йылдырымның ресми кездесулері бүгін басталады.

Түркия мәжілісі төрағасы Әзірбайжанда

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Бинали Йылдырым Түркия мен Әзірбайжанның өңірлік және халықаралық тақырыптарда бірге қозғалатын дос және бауырлас екі ел екенін айтты.

Бинали Йылдырым ресми сапармен кеше Әзірбайжанға аттанып кетті.

Йылдырым әуежайында баспасөз өкілдеріне берген мәлімдемесінде Мәжілістің 27-шы заң шығару жылында төраға ретінде сайланғаннан кейін шетелге алғашқы сапарын дәстүрге айналғандай Әзірбайжанға ұйымдастырғанын білдірді. Әзірбайжан мен Түркияның «екі мемлекет,  бір ұлт» екенін атап көрсеткен Йылдырым: «Бүгінге дейін барлық салада екі жақты қарым-қатынастарымызды,  өңірлік тақырыптарды бірге талқылаған,  халықаралық проблемаларда бірге қозғалған дос және бауырлас екі елміз. Осы сапарымыз қатынастарымыздың дамуына жаңа өріс береді деп сенеміз.» деді.

Бинали Йылдырымның ресми кездесулері бүгін басталады.



Ұқсас жаңалықтар