Мәжіліс төрағасын Әлиев қабылдады

Йылдырымның Бакудегі кездесулері жалғасуда.

Мәжіліс төрағасын Әлиев қабылдады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Бинали Йылдырым Әзірбайжанның жетістіктерінің Түркияны қуанышқа бөлейтінін айтты.

Йылдырым ресми сапармен Әзірбайжанға барып,  президент Ильхам Әлиев тарапынан қабылданды.

Йылдырым осында Түркия мен Әзірбайжан арасындағы достық пен бауырластық қатынастардың барлық салада жақсы дамығанын білдіріп,  қатынастардың дамуын жалғастыратынына деген сенімін тілге тиек етті.

Мәжіліс төрағасы ретінде алғашқы ресми сапарын Әзірбайжанға ұйымдастырғанына риза екенін айтқан Йылдырым Әзірбайжанның жетістіктеріне Түркияның әрдайым қуанатынын білдірді.

Президент Әлиев Бинали Йылдырымды Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы ретінде сайлануына байланысты құттықтады. Оның премьер-министр міндеті барысында Түркия мен Әзірбайжан арасындағы бауырластық қатынастар және Баку-Тбилиси-Карс теміржолы жобасының жүзеге асуына үлкен үлес қосқанын атап көрсетті.

Екі ел арасындағы байланыстың барлық салада дамығанына назар аударған Ильхам Әлиев екі ел бірігіп жүзеге асырған Баку-Тбилиси-Джейхан, Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісі,  Баку-Тбилиси-Карс теміржолы секілді жобалардың маңыздылығын да баса айтты.

Әлиев Түркия мен Әзірбайжанның бірін бірі әрдайым қолдап келгенін,  екі елдің бүгінгі күні де бірге қозғалып отырғанын білдірді. Парламенттер арасындағы қатынастардың Йылдырым басшылығы барысында табысты жалғасатынына деген сенімін де атап көрсетті.

Түркия мәжілісі төрағасы Бинали Йылдырым сапары аясында Бакуде шейіттіктерге барды.  Алдымен марқұм президент Гайдар Әлиевтің қабіріне барған Йылдырым қабірге гүл шоқтарын қойды.

Йылдырым артынан 20 қаңтар шейіттері жерленген Баку Шейіттер аллеясына барды.



Ұқсас жаңалықтар