Мұстафа Джемилевке Украинаның Еркіндік ордені берілді

Қырым татар халқының лидері марапатталды.

Мұстафа Джемилевке Украинаның Еркіндік ордені берілді

Қырым татар халқының лидері,  Украина депутаты Мұстафа Джемилевке Украинаның Еркіндік ордені берілді.

Украина президенті Петро Порошенко тарапынан қол қойылған жарлыққа орай Джемилев әлеуметтік,  экономикалық,  технология,  мәдениет және білім беру саласында елдің дамуына қосқан үлесіне байланысты марапатқа лайықты деп табылды.

Мұстафа Джемилевке мамыр айында Америка Құрама Штаттары Ұлттық демократия фонды тарапынан Демократияға қызмет медалі берілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар