Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Татарстанда

Министр Чавушоғлу Мәскеудегі байланыстарының артынан Қазанда президент Рүстем Миннихановпен бас қосты.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Татарстанда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркия мен Ресей арасындағы байланыстың аймақтың қауіпсіздігі, тыныштығы және тұрақтылығы үшін өте маңызды екенін атап көрсетті.

Чавушоғлу Мәскеудегі байланыстарының артынан Ресей Федерациясына қарасты Татарстан Республикасының бас қаласы Қазанда президент Рүстем Миннихановпен бас қосты.

Кездесудің артынан мәлімдеме жасаған Чавушоғлу Ресей сапарының алғашқы сатысында әріптесі Сергей Лавровпен жиналыстарының өте табысты өткеніне назар аударды.

Кейін Ресей президенті Владимир Путин тарапынан қабылданғанын атап көрсеткен Чавушоғлу осы кездесудің де табысты өткенін, аймақтық және екі жақты тақырыптардың қолға алынғанын білдірді.

Ресейдің Түркия үшін аса маңызды бір ортақ екенін мәлімдеген Чавушоғлу Мәскеудің артынан Қазанға келгеніне қуанышты екенін тілге тиек етті.

Татарстан Республикасы президенті Миннианов болса Түркияның Татарстанға салған инвестициялары үшін президент Ердоған мен түрік лауазымдыларға алғысын білдіріп, «Инвестицияларға қоса көптеген түрік фирмасы да әртүрлі салаларда белсенді түрде жұмыстарын жалғастыруда»  деді.



Ұқсас жаңалықтар