ШЫҰ Әділет министрлері Қырғызстанда бас қосты

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Әділет министрлері Қырғызстанның демалыс орны Чолпан-Ата қаласында жиналды.

ШЫҰ Әділет министрлері Қырғызстанда бас қосты

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) Әділет министрлері Қырғызстанның демалыс орны Чолпан-Ата қаласында бас қосты.

Қырғызстан уақытша әділет министрі Максатбек Есеналиевтің басшылық жасаған жиналысқа Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан әділет министрлеріне қоса Қытай мен Үндістан әділет министрі орынбасарлары және Пәкістанның Қазақстан Респуьликасындағы өкілетті елшісі қатысты.

ШЫҰ Бас хатшы орынбасары Нұрлан Аққошқаров қатысқан жиналысқа Белоруссия, Иран, Моңғолия және Ауғанстан бақылаушы ел ретінде орын алды.

Жиналыста ұзақ мерзімді жақсы көршілік, достық және ынтымақтастық келісіміне қоса, 2025 ШЫҰ даму стратегиясы бағытында әділет министрлері арасында ынтымақтастықтың жетілдірілуін қамтыған ортақ деклерацияға қол қойылды.

Қырғызстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы кезекті төрағалығын Қытайдан маусым айында қабылдап алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар