Әзірбайжан мен Италия арасында келісім

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Бакуге келген Маттарелланы салтанатпен қарсы алды.

1015226
Әзірбайжан мен Италия арасында келісім

Италия президенті Сергио Маттарелланың Әзірбайжандағы ресми кездесулері аясында екі ел арасында білім беру,  теміржолы қатынасы және ветеринарлық тақырыптарында ынтымақтастық келісімдеріне қол қойылды.

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Бакуге келген Маттарелланы салтанатпен қарсы алды.

Оңаша және делегациялар кездесулерінен кейін ортақ баспасөз мәслихатын өткізген Әлиев Әзірбайжан мен Италия арасында жақсы қатынас бар екенін еске салып,  осы қарым-қатынастардың одан әрі дамитынын айтты.

Италиямен стратегиялық серік екендерін білдірген Әлиев: «Италия – біздің бірінші сауда серігіміз.  Италияға мұнай жіберіп отырмыз. Әзірбайжан Италияның барлық компанияларына ашық. Әзірбайжан жылдам дамып келеді және жаңа технологиялар қажет. Әрине осы технологияларды алдымен дос елдерден алғымыз келеді» деді.

Маттарелла да Италия компанияларының энергетика саласынан басқа да секторларда Әзірбайжанмен жұмыс істеуге үмітті екенін айтты. Қорғаныс өнеркәсібінде Әзірбайжанмен ынтымақтастық жасауға болатынын білдірген Италия президенті Италияның осы саладағы технологияны Әзірбайжан экономикасына беретіндерін айтты.



Ұқсас жаңалықтар